Қазақстан Бас прокуратурасы Евроюстпен ынтымақтастықты нығайтуда – СІМ

19 Қараша, 2014 10:02
Еуропалық Одақ құқықтық ынтымақтастығының құрылымы болып табылатын Еуроюст ұйымымен ықпалдастықты нығайту аясында Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы делегациясының Нидерланд Корольдігіне сапары ұйымдастырылды, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

«Кездесу барысында Сыртқы байланыстар тобының Төрағасы, Еуроюсттегі Словения тарапынан ұлттық мүше М.Габриелчич Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесімен, мемлекеттің құқықтық саясат концепциясымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталып отырған іс-шараларымен таныс болды», - делінген хабарламада.

Сапар аясында қазақстандық делегация Еуроюсттің штаб пәтерінде халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне Ұйымның жауапты құрылымдық бөлімшелер басшыларымен келіссөздер өткізді.

Сапардың басты мақсаты ретінде тараптар арасында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, шекаралық және ұйымдасқан қылмыстарға қатысты тиімді тергеу мен соттық іс қарау саласындағы Еуроюстқа мүше мемлекеттердің іс-әрекеттесуі тәжірибесін сараптау болды.

Ортақ мақсаттарға қол жеткізуде шетелдік мемлекеттермен тығыз ықпалдастық орнатудың маңыздылығын ескере отырып, сапар нәтижесінде Қазақстан мен Еуроюст арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Барлық жаңалықтар