Шағын және орта бизнесті дамыту-басты міндетіміз – кәсіпкер

19 Қараша, 2014 09:47
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән берілді. Жолдауда «Алдағы уақытта бизнесті қолдау мен іскерлік, белсенділікті арттыруға қатысты жұмыстар жалғасады»,-деп атап көрсеткені біз сияқты шағын кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға кеңінен қолдау деп білемін, деді Жамбыл облысы Ботамойнақ ауылының жеке кәсіпкері Бағдат Жақыпбеков.

«Шағын және орта бизнесті дамытуға қамқорлық  еліміздің экономикасының өркендеуіне септігін тигізетініне сенемін. Еліміздің қарқынды дамуы мемлекетіміздегі кәсіпкерліктің кең өріс  алуына байланысты», - деді ол.

Ол атап өткендей, шағын және орта бизнестің дамуы – бұл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы индустриялық және әлеуметтік жаңғыруының басты құралы.
 Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор.  Сондықтан да Елбасы  шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасап, айрықша көңіл бөлуде.

«Ел Президенті Жолдауында еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі жүзеге асыруды, шағын кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуды, еңбекпен қамту, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуды және білім беру мен денсаулық сақтаудағы сапаға барынша көңіл бөлуді міндеттеді. Осы маңызды құжатта көрсетілген тапсырмалардың орындалуына өз үлесін қосу — әрбір мемлекеттік қызметкердің парызы», - деді ол.   

Барлық жаңалықтар