• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тұңғыш Президент музейінде 120 мыңнан астам Мемлекет басшысының мұрағат құжаттары сақталуда

Тұңғыш Президент музейінде 120 мыңнан астам Мемлекет басшысының мұрағат құжаттары сақталуда

18 Қараша, 2014 18:19
Ұлттық Қорғаныс университетінде «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жоба аясында көшпелі экскурсия ұйымдастырылды. Ондағы мақсат ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған көрме мен экскурсия ұйымдастыру мен өткізу бойынша кешенді ғылыми-экспозициялық және ақпараттық-көпшілік жұмыс өткізу болып табылады.

«Көшпелі экскурсияның форматы біздің зерттеуіміздің нәтижесіне сәйкестендірілген. Аталмыш шараның ерекшелігі үлкен маңызға ие мұрағаттың тарихи құжаттарының болуы. 2012 жылдан бастап ТПМ «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жоба дайындауда», - дейді ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің директорыи орынбасары Күләйша Ақтаева.

Сонымен қатар оның айтуынша, бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде 10 жылдың жұмыс тәжірибесі бойынша  120 мыңнан астам Мемлекет басшысының мұрағат құжаттары сақталып жатыр.

Өз кезегінде шараның форматы қатысушыларға үлкен тарихи маңызға ие жазба, бейне және дыбыс материалдарымен танысу мүмкіндігі ұсынылды. Онда Президентіміздің өмір жолы мен қызметтің өмірінің әр уақыты қамтылып, үлкен тарихи бейнесі қалыптастырылған. Аталмыш музейде Қазақстанның соңғы жарты ғасырлық өмірінен де кеңінен ақпар беретін дүниелер бар.

«ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық Қорғаныс университеті бүгінде әскери интеграция аясында жоғарғы оқу орындары мен мекемелермен тығыз байланыс орнатқан. Бүгін біз ҚР Тұңғыш Президенті музейімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз», - дейді оқу орнының басшысы, әскери ғылымдар кандидаты генерал-майор  Асхат Рыспаев.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар