Елбасының Жолдауы - ұлы ұстаным, баянды бағдар

18 Қараша, 2014 18:34
Елбасымыз Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнап, баршамызды толғандырған сұрақтарға тиісті жауаптарын қайтарды. Халыққа шынайы жанашырлық көрсететін уақыт болғанын, сонымен қатар білім саласына қатысты алдағы 3 жылда атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Жамбыл ауданы, Өрнек ауылы №17 кәсіптік колледжінің директоры,аудандық мәслихаттың депутаты Талап Әбдібеков.

«Елбасы нені мәлімдесе де, өте ұғынықты сөзге сүйенді, көңілге қонарлықтай етіп жеткізді. Санасы сергек, көкірек көзі қарақты, өзін нағыз қазақстандықпын деп шүбәсіз есептейтін әрбір жан Елбасының тұщымды тұжырымдарын, адал ниет-пейілін жүрек төріне қондырды деп ойлаймын», - деді ол.

Биылғы Жолдау проблемаларды шешудің нақты жолдарын ұсынып, бағдаршамдай көрсетіп беріп отыр. Қабілетімізге қанат бітірген Елбасы Жолдауын қуана қолдаймыз. Көптің көңілін демеп, болашаққа деген сенімін нығайта түссе, неге оны құптамасқа, жігерлене жұмыс істемеске, деді ол.

«Өз басым Жолдауда қамтылған Елбасы тұжырымдарынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға дайынмын», - деп толықтырды өз сөзін.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар