• Басты
  • Жаңалықтар
  • Нұрлы жол - еліміздің барлық бағыттары бойынша ұстанған саясатының жалғасы

Нұрлы жол - еліміздің барлық бағыттары бойынша ұстанған саясатының жалғасы

18 Қараша, 2014 18:04
Жасымыз келді деп қоғамнан, онда болып жатқан келелі де күрделі оқиғалардан оқшауланып жүретін жағдайымыз жоқ. Жақсылыққа қуану, қиналғанға қол ұшын беруді мерейлі міндетінен, өмірлік мұратынан санаған ардагерлер Елбасының халыққа жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын асыға тосып отырады. Биылғы Жолдауын да күткен едік, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Жамбыл облысы Пионер ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Қоңырбаев.

«Өзінің көрегендігінен таймаған Елбасымыз бәрін нақты айтты, проблемалық мәселелерді шешу жолдарын дәл көрсетті. Біз, көпті көрген, көңілге көпті түйген ардагерлер, Елбасының халықтың ұлы мұраттары жолында кез-келген кедергіден елін сүріндірмей алып шыға алатын көреген, сарабдал саясатшы екенін бұрыннан жақсы білетін едік, енді міне жас тәуелсіз елімізді салмақтылықпен, сабырлылықпен басқаратын нағыз көшбасшы ретінде таныдық», - деді А. Қоңырбаев.

Оның ойынша, Президент бұл жолғы Жолдауында да алдағы атқарылуы тиіс күрделі мәселелердің күрмеуін шешіп айтып, өте маңызды мәселелерді көтерді. Әрбір адамның өз-өзіне сенімін, ертеңгі күнге үмітін арттырды.

«Өз басым Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында еліміздің барлық бағыттар бойынша ұстанған саясатының одан әрі сәтімен жалғасатынына кәміл сенемін», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар