• Басты
  • Жаңалықтар
  • Нұрлы жол - халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын арттыруға арналған маңызды құжат

Нұрлы жол - халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын арттыруға арналған маңызды құжат

18 Қараша, 2014 16:03
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ерекше ыждаһаттылықпен тыңдадым. Биылғы Жолдауда Елбасы саяи экономикалық мәселелерге кеңінен тоқталған, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Жамбыл облысы Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзеева.

«Еліміз өзінің дамуы жолында жаңа деңгейге көтерілді. Әлемдік экономикалық дағдарыс Қазақстанды шет айналып өтпесі анық. Сондықтан болар, Нұрсұлтан Әбішұлы 2015 жылға арналған дәстүрлі Жолдауында Ұлттық қордың не үшін құрылғанын, оның басты міндеті – тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау болатын», - деді ол.

Экономикасы қуатты елдің ғана іргесі берік болады. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағиданы назарға алған Елбасы барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие екенін алға тартып, жол шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің табыс көзі екенін айтты, деді ол.

«Әуе жолы, темір жол, тас жолдардың бір-бірімен тығыз байланысуы шет мемлекеттермен және облыстардың сауда-саттығын, экономикалық байланысын нығайтады.Жолдауда көрініс тапқан міндеттерді жүзеге асыруға ауыл әкімі ретінде өз үлесімді қосатын боламын», - деді Н.Дүзеева.

 

 

 

Барлық жаңалықтар