• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жолдауда көзделген міндеттердің жүзеге асуына күш салуға тиіспіз – Несіпбеков

Жолдауда көзделген міндеттердің жүзеге асуына күш салуға тиіспіз – Несіпбеков

18 Қараша, 2014 17:33
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын зор ықылас қоя отырып тыңдадым. Онда айтылған барлық мәселелер көңілімнен шықты, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Жамбыл облысы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков.

«Жолдауда ұлттық қордан қаражат бөлу арқылы мемлекет экономикасының құрылымдық реформаларын жалғастыруға баса мән берілгені айқын байқалды», - деді ол.

Ол атап өткендей, "Қазақстан өзге елдің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорды тиімді пайдалануы тиіс екенін, сондай-ақ қаражаттың орынды жұмсалуын қадағалайтын комиссия құрылатынынан құлағдар етіп, «Нұр Отан» партиясына осы жұмысқа белсенді араласу, барлық деңгейде партиялық қатаң бақылау орнату тапсырылды".

«Елбасы сенім артқандай болашақ ұрпақ үшін Жолдауда көзделген міндеттердің жүзеге асуына күш салуға тиіспіз. Еліміздің қуаттылығы мен рухани бірлігін көксеп, нақты қадамдар мен бағдарламалар алға тартылған құжат құны бәріміз үшін маңызды. Бұл жерде Президент алдағы күні не істеу керектігі жөнінде үлкен міндеттер жүктеп отыр. Біз жүктеуді жұмыла көтеріп, үдеден шығатынымзға сенімдімін», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар