• Басты
  • Жаңалықтар
  • ДСҰ Астанада Орталық Азия елдері үшін ана өлім-жітімі көрсеткіштерін бағалау мәселелері бойынша семинар өткізуде

ДСҰ Астанада Орталық Азия елдері үшін ана өлім-жітімі көрсеткіштерін бағалау мәселелері бойынша семинар өткізуде

18 Қараша, 2014 17:18
Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) Еуропа бюросы ЮНИСЕФ және ЮНФПА халықаралық ұйымдарымен бірлесе отырып, Орталық Азияның 5 мемлекеті: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан үшін аналар өлім-жітімі көрсеткіштерін бағалау мәселелері жөнінде семинар өткізеді.

«Семинар мақсаты – аналар өлім-жітімі көрсеткіштерін бағалау әдістемесін түсіндіруге көмектесу болып табылады. Бұл өз кезегінде елдің әлеуетін нығайтып, аналар өлім-жітімі көрсеткіштерін бағалауға, барлық факторларды тиісті есепке алуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Семинар барысында азаматтық хал актілерін тіркеу жүйесі мен Орталық Азия елдерінде халықтың табиғи қозғалысы статистикасы мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, ұлттық және халықаралық бағалау көрсеткіштері арасындағы айырмашылық түсіндіріледі.

2015 жылы Мыңжылдықтың даму мақсаттарына жету және ана мен бала денсаулығын сақтау жөнінде БҰҰ Бас хатшысының Жаһандық стратегиясын іске асыру жөнінде есептер ұсынылатыны және болашақтағы ғаламдық жоспарлар сөз болады.   

ДСҰ аналар өлім-жітімі көрсеткіштерін жақсартуда, БҰҰ Мыңжылдықтың даму мақсаттарына жетуде және ана мен балалар өлім-жітімі көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарды азайтуда көптеген мемлекеттерге техникалық қолдау көрсетеді.   

Барлық жаңалықтар