- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жас депуттардың тұңғыш халықаралық форумы өтеді
Астанада жас депуттардың тұңғыш халықаралық форумы өтеді

Форумның басты мақсаты түрлі өкілдік және заңнамалық билік органдарының жас депутаттарының заң шығару және жобалық қызметтерінің тиімділігін арттыру болып табылады. «Бағыт-2030» ЖДХФ жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан мен Өзбекстанның барлық деңгейдегі депутаттары қатысады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, жергілікті және орталық мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен БАҚ өкілдері шақырылды.
«Бірінші күні Форумның ресми түрде ашылуы өтіп, онда форумға қатысушы елдердің жас депутаттарының өзара ынтымақтастық салалары талқыланып, жергілікті өзін өзі басқару, кәсіпкерлік мен әлеуметтік-мәдени диалогты дамытудағы жастар мен халықтың қатысу тәжірибесі зерттелмек. Шарада Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерге жас депутаттардың қатысуы басты назарда болмақ», - дейді ұйымдастырушылар.
Екінші күні алдыңғы қатарлы қазақстандық саясаткерлер мен ҚР Парламенті депутаттарымен кездесу өтеді.
Форум қорытындысы бойынша резолюция қабылданып, жас депутаттар мен мемлекеттік органдар, азаматтық сектор мен БАҚ арасындағы өзара байланысты жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді

