- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда тиімді инновациялық инфрақұрылым жасақталған
Қазақстанда тиімді инновациялық инфрақұрылым жасақталған
ҰЭМ хабарлағандай, елімізде инновацияларға қолдау көрсету құралдарының жүйесі бір жолға салынған. Оның ішіне инновациялық гранттар, техникалық бизнес-инкубациялау қызметі, жобалық және тәуекелдік қаржыландыру, коммерцияландыру кеңселерінің қызметі енгізілген.
2010 жылдан бастап Қазақстанда 4 мыңға жуық идея мен ғылыми зерттемелер сәйкестендірілді, олардың ішінде 577 жобаға қолдау көрсетілді.
Аталып өткендей, 2010-2014 жылдар аралығында инновациялық грант бойынша 1400 өтініш қаралып, қаржыландыруға жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге 227 жоба жіберілді.
Нәтижесінде 2009 жылмен салыстырғанда инновациялық кәсіпорындардың саны 2 есе өсті, 7 есе инновациялық өнімдер көлемі де артты.
Бұдан басқа, жобалық және тәуекелдік қаржыландыру аясында жалпы сомасы 1,3 млрд теңге болатын 5 жоба қаржыландырылды. Ал, техникалық бизнес-инкубациялау шеңберінде жалпы сомасы 970 млн теңгеден асатын 116 жоба қаржыландырылды.
Сондай-ақ, коммерцияландыру кеңсесінің қызметі бойынша жобалар тұжырымдамасына 122 негіздеме жасалып, олардың 56 жобасы одан ары коммерцияландыруға жіберілді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды