• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астаналық «жасыл квартал» жобасы 180 мың шаршы метрді қамтиды – Палымбетов

Астаналық «жасыл квартал» жобасы 180 мың шаршы метрді қамтиды – Палымбетов

18 Қараша, 2014 13:53
Астаналық «жасыл квартал» жобасы 180 мың шаршы метрді қамтиды.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасы Болат Палымбетов мәлім етті.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» «жасыл кварталдың» құрылысы арқылы жекеменшік құрылыс компаниялары мен инвесторларға құрылыс салуда жаңа экологиялық стандарттарға көшу керектігін үлгі етпек.Біздің құрылыс жекеменшік-мемлекеттік әріптестік негізінде жүзеге асады. «Жасыл квартал» жобасы бойынша біздің жекеменшік әріптес «Bi Group» компаниясы болып саналады. Құрылыстың жалпы құны 44 млрд теңге, тұрғындық және әкімшілік ғимараттардың жалпы аумағы 188 мың шаршы метр», - дейді басқарма төрағасы.

«Біз құрылыс барысында жасыл технологияларды пайдалануды жоспарлаймыз. Осы бағыттағы алғашқы ілкі жобалардың бірі – Астанадағы «жасыл квартал» ауданының құрылысы болмақ. «Жасыл квартал» – озық технологиялар пайдаланып салынған тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың кешені болады. «Жасыл кварталдың» архитектуралық тұжырымдамасын британиялық архитектуралық компания жасаған. Осы ғимараттар су мен энергия пайдалануды 20 пайызға үнемдейтін жүйемен қамтылады. «Жасыл кварталдың» барлық ғимараттары жасыл құрылыстың халықаралық стандарттарымен серфикатталады. Әрбір ғимараттың экологиялық паспорты болады», - дейді Палымбетов.

 

 

 

Барлық жаңалықтар