- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында «Жас Отан» мүмкіндігі шектеулі жастармен кездесу өткізді (ФОТО)
Ақмола облысында «Жас Отан» мүмкіндігі шектеулі жастармен кездесу өткізді (ФОТО)
Мүмкіндігі шектеулі жандарды қаланың қоғамдық-мәдени өміріне араластыру, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында «Жас Отан» жастар қанаты облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді.
«Шараға пауэрлифтингтен халықаралық деңгейдегі спорт шебері Олег Гридасов, өңірлік ХҚКО қызметкері Еркін Ғаббасов, облыстық филармония сазгері Әлібек Ахмалишев, Біржан сал атындағы музыкелық колледж студенті Алтынбек Ақниет, «ШАНС» ҚБ қызметкері Виктория Кучма, кәсіпкер Валерий Чернышев, ауыр еститін балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған түзету мектеп-интернатының тәрбиешісі Айзат Қайрулина, Азамат Негметжанов, Илона Шорникова, «Еріктілер мектебі» белсенділері мен жетекшілері қатысты», - делінген хабарламада.
Қатысушылар күнделікті өмірде мүмкіндігі шектеулі жандардың алдынан шығатын кедергілер туралы айтып, оларға шешім іздеп, Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауын талқыға салды.
Сонымен қатар, «Жас Отан» өкілдері «Әлеуметтік нысандардың қолжетімділік картасы» мобильді қосымшасын таныстырды. Жалпы, жастар бас қосып, өзара әңгіме-дүкен құрды. Музыкалық аспаптарда ойнап, қызықты уақыт өткізді.
Облыстық «Жас Отан» жастар қанаты бөлімшесінің атқарушы директоры Жанар Жүнісованың айтуынша, кездесу сәтті өтті. «Мүгедек жастардың өмірге деген құлшыныстары мен талпыныстары өте жоғары. Қоғам өміріне белсене ат салысуға құштар. Біздің басты міндетіміз олардың тең құқылы өмір сүруін қамтамасыз ету», - дейді.
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті