- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Эко-Даму» микронесиелендіру бағдарламасы іске асырылады
Қазақстанда «Эко-Даму» микронесиелендіру бағдарламасы іске асырылады
««Эко-Даму» шағын несиелер беру бағдарламасының мақсаты Қазақстан Республикасының 27 ерекше қорғалатын табиғи аймақтарына (бұдан әрі - ЕҚТА) және жоспарланып отырған бір «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының айналасында орналасқан елді-мекендерге қоныстанған халыққа қызметтің баламалы көздерін дамыту және жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін шағын несие беруге жәрдемдесу, бұл ЕҚТА жақын маңдағы табиғи экожүйелердің антропогендік жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады «Қазагромаркетинг» АҚ.
Жаңа бағдарламаны іске асыруға қазіргі кездегі 10 қорықтың, 12 ұлттық парктің және 5 табиғи резерваттың, жоспарланып отырған бір «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының айналасында орналасқан елді-мекендер тартылатын болады.
Қазагромаркетингте атап өткендей, шағын несие беру бағдарламасын іске асыру үшін қаржылық ресурстарды Ғаламдық Экологиялық Қор/Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы/ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Шөлді экожүйелердегі қорғалатын аймақтар жүйесінің орнықтылығын қорғалатын аймақтың ішіндегі және айналасындағы биоәртүрлілікпен сыйымды тіршілік көздерін ілгерілету арқылы көтеру жобасы» Комитетінің гранттық қаржыларының есебінен бөлінеді. Қаржы «Эко-Даму» бағдарламасының ережелері орындалған жағдайда пайызсыз және өтеусіз негізде берілетін болады.
Айта кетерлік жайт, «Эко-Даму» шағын несиелер беру бағдарламасының орындалу мерзімі - осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 10 жыл, қаржылық ресурстар көлемі - 91 775 000 теңге.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың айтуы бойынша, «Эко-Даму» бағдарламасы бойынша шағын несиелер қызметтің баламалы түрлерін дамытуға және және ауыл, орман, балық пен аң шаруашылықтарының тұрақты экологиялық қауіпсіз әдістерін енгізуге берілетін болады. Зайымның көлемі - 100-ден бастап 5400-ге дейінгі АЕК, сыйақы мөлшерлемесі -жылдық 4%, тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 4,3 % артық емес, несие беру мерзімі - 4,5 жыл, қамтамасыз ету - қордың кепілдік саясатына сәйкес.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша