Жастар Елбасы Жолдауын толықтай қолдайды – Б.Ақжігітова

18 Қараша, 2014 13:33
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын толықтай қолдаймыз, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Ақтөбе Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Бибігүл Ақжігітова.

«Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың негізгі мақсаты – жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене күш-қуатының әлеуетін дамыту, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болғандықтан ҚР Президентінің  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын толықтай қолдаймыз. Алдағы уақытта Жолдауда үлкен де жауапты жұмыстар көрсетілген. «Жастар - біздің болашағымыздың тірегі»  деп  ҚР Президенті жастардың алдына аса маңызды міндеттер қойып отыр! «Нұрлы Жол»,  бұл жастарымызды биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуге апаратын жол», - деп атап өтті ол.

Бибігүл Ақжігітова атап өткендей, «Жолдауда баспананың қолжетімді ете түсуіне әсер ететін жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар, яғни тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту,шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмыстардың жалғасуы, білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларының жалғаса беруі, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына жеткізетіндігі сөзсіз».

«Жаңа Қазақстандық Патриотизмді жастар бойында тәрбиелеу бағытында болашақта да қарқынды жұмыс жасайтынымызға сеніміміз мол», - деп толықтырды өз сөзін. 

Барлық жаңалықтар