• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жоғарғы Сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды

Жоғарғы Сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды

18 Қараша, 2014 12:49
Бүгін Жоғарғы Сотта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және судьялар корпусының әдеп нормаларын сақтауының өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстелі» болып өтті, деп хабарлады ведомство.

«Іс-шара Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, БҰҰ-ның есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының, Еуропалық Кеңестің Венециалық Комиссиясының және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының бастамасымен ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ә.Құрықбаев, Молдова Республикасы Әділет министрінің орынбасары, Еуропалық Кеңестің Венециалық Комиссиясының мүшесі Е.Николае, Жоғарғы Сот судьялары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық сарапшылар, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қатысты.  

Іс-шараға қатысушылар сот жүйесінің тәуелсіздігі, Стамбұлда қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру, судьялар корпусының әдеп нормаларын сақтауы және Сот жюриі қызметінің мәселелерін талқылады.

 «Дөңгелек үстел» жұмысының арнайы бөлімі Судьялар әдебі кодексінің жаңа нұсқасын талқылауға арналды. Судьялар корпусы үшін өте маңызды құжатты таныстыру барысында Жоғарғы Сот судьясы Қ.Шаухаров Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын іске асыру қарсаңында Кодексті қабылдаудың қажеттілігін атап өтті. 

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша сындарлы пікір алмасу орын алып, сыбайлас жемқорлықпен күрес және судьялар корпусының әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірленді.

Барлық жаңалықтар