- Басты
- Жаңалықтар
- Бас прокуратурада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған спорттық шаралар өтті
Бас прокуратурада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған спорттық шаралар өтті
«Ерлер арасындағы кіші футболдан және волейболдан ведомстволық чемпионат аяқталды», - делінген хабарламада.
Бас Прокурордың құрама командасы кіші футболдан чемпионаттың жеңімпазы және Бас Прокурор Кубогының иегері болып танылды, екінші орынды Жамбыл облысы прокуратурасының командасы жеңіп алды. Үшінші жүлделі орынды Қарағанды облысы прокуратурасының және Бас әскери прокуратураның командалары еншіледі.
Жарысты ұйымдастырушылар номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Ерлер арасындағы волейбол ойынының қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпазы және Бас Прокурор Кубогының иегері болып Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының командасы танылды. Екінші орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті иеленсе, үшінші орын Ақмола облысы прокуратурасының командасына берілді.
Жүлделі орындар алған командаларға кубоктар, грамоталар мен естелік медальдар табыс етілді. Номинациялардың үздіктері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бас прокуратураның басшылығы прокуратура органдарында спортты дамытуда және салауатты өмір салтын насихаттауда осындай жарыстың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Жарыстарды өткізудің басты маңыздылығы сол - олар ұжымдық татулықты нығайтады, прокурорлар қауымдастығының бірлігі мен ұйымшылдығына оң ықпал етеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар