- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында «Нұрлы жол» Жолдауының жеті басымдығы талқыланды
Павлодар облысында «Нұрлы жол» Жолдауының жеті басымдығы талқыланды
«Елбасының әр Жолдауы - ел экономикасын одан әрі дамыту және халық игілігін жақсартуға бағытталған стратегиялық құжат», - деді өңір басшысы.
Қанат Бозымбаев Жолдауды іске асырудағы жұмыстың 7 басымдыққа ие бағыттарына кеңірек тоқталды.
Облыс әкімі кеме қатынасын дамыту мәселесіне жеке тоқталды. Қазіргі таңда жылына 2 млн. кубометр топырақты аршып, өзенді тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар жуырда Атырау қаласында өткен XІ өңіраралық форумда Ресейдің Омбы облысымен транзиттік-көліктік дәлізді дамыту, оның ішінде Ертіс өзені арқылы кеме қатынасын дамыту мәселесі бойынша келісімшартқа қол қойылды.
Екінші бағыт - индустриялық инфрақұрылымды дамыту. Осы бағыт бойынша аймақ басшысы Павлодар қаласы әкіміне облыстың индустриалды-инновациялық даму және кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармаларымен бірлесе отырып, әлеуетті қатысушыларды тартуды жүктеді.
« Бүгінгі таңда «екінші бесжылдық» аясында инвестиция көлемі 1 трлн. теңге болатын 19 жоба қалыптасты. 2014-2016 жылдары «Павлодар» арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымының құрылысына 28 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде ағымдағы жылы 3,5 млрд. теңге. Оның үстіне бюджеттің осы 3,5 млрд. теңгесіне жеке инвестицияның 40 млрд. теңгесі келеді. Қажетті инфрақұрылым (кедендік терминал, сумен қамтамасыз ету объектілері, электр қуаты, теміржол, аумақтың қоршауы және т.б.) үшін құрылыс жұмыстары басталып кеткен.АЭА аумағында инвестиция көлемі 17 млрд. теңге болатын 3 кәсіпорын іске қосылды. Жыл аяғына дейін сомасы 23 млрд. теңге болатын тағы да 3 кәсіпорын пайдалануға беріледі», - деді Қ. Бозымбаев.
2015 жылы ТКШ және су мен жылу жүйесі инфрақұрылымын жаңғырту аясында 2,5 млрд. теңге сомасына жобаларды іске асыру жоспарланған.
Біз құрылысқа байланысты жоспарланған шағын аудандар салуға көшеміз. Осы шағын аудандарда тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілер болады. Оларға қажетті жылу, су, кәріз жүйесі мен электр қуаты қоры да ескеріледі. Осы күнге дейін тұрғын үйлер құрылысы тек Усолка шағын ауданында ғана жүрген еді. Алдағы перспективада біз Сарыарқа және Достық атты жаңа 2 шағын ауданды сала бастаймыз, - деп атап өтті аймақ басшысы.
Актив жұмысын қорытындылай келе облыс әкімі бірқатар нақты тапсырмалар берді. Солардың бірі – Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары