• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада жазғы Пара Азия Ойындары-2014 жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлықталды

Астанада жазғы Пара Азия Ойындары-2014 жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлықталды

18 Қараша, 2014 10:17
Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Инчхондағы XI жазғы Пара Азия Ойындары-2014 жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің салтанатты түрде шеруі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

«Паралимпиадашылардың құрметіне мерекелік шара би флешмобынан басталды. Оған елордалық оқу орындарының 100-ден аса студенті қатысты. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның паралимпиадалық спортын дамытуға қосқан үлесі үшін спортшыларға төс белгілермен алғыс хаттар табыстады», - делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, салтанатты шараны аша отырып, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық спортшылардың Инчхондағы XI  жазғы  Пара Азия  Ойындарында жеткен жетістіктерімен құттықтауын оқып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жеңімпаздарға сертификаттар табыстады.

Азия Пара Ойындарында өнер көрсеткеннен кейін республика өңірлерінің спорттық жағдайына талдау жасалды. Мұнда паралимпиада спорт түрлерінің еліміздегі ардагерлері де есепке алынды.

Чемпиондар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореядағы Паралимпиада ойындары 18-24 қазан аралығында өткен. Қазақстан құрамасы онда жалпыкомандалық көрсеткіште  орын алып, 7 алтын, 6 күміс пен 11 қола медальға қол жеткізген еді.

Барлық жаңалықтар