• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҰҚШҰ елдерінің 130-дан астам әскери қызметшісі Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарында білім алуда

ҰҚШҰ елдерінің 130-дан астам әскери қызметшісі Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарында білім алуда

18 Қараша, 2014 09:31
Ұжымдық қаупсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мелекеттердің әскери оқу орындары мен ғылыми ұйымдары осы Ұйымның әскери құрамдас бөлігін дамытуда маңызды орынға ие болып келеді.Бұл туралы Екатеринбургте өткен ҰҚШҰ Әскери кеңесінің отырысында сөз болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Әскери оқу орындарында ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер әскери қызметшілерінің даярлығын жетілдіру мәселелері аясында әскери кадрларды даярлау 44 жоғары оқу орнында, соның ішінде төрт Қазақстаннның әскери оқу орнында жүргізіліп келе жатқаны атап өтілді. Бүгінгі таңда біздің елімізде Армениядан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан келген 130-дан астам әскери қызметші білім алуда», - делінген хабарламада.

ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысында бұдан басқа ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер, Біртұтас (Біріккен) әуе шабуылына қарсы және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру, ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер Ұжымдық күштерін басқаруды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастаған қазақстандық делегация қатысты.

Айта кетейік, Ұжымдық қаупсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) 1992 жылғы 15 мамырда ТМД-ға мүше мемлекеттер қол қойған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт негізінде құрылған. ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Барлық жаңалықтар