- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы мен Бас прокурор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады
Елбасы мен Бас прокурор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданған, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламасы аясындағы жұмысты күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
«Өткен жылдар ішінде елімізде парақорлықтың тамырын жою тұрғысынан алғанда біраз жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, заңға өзгерістер енгізу, шенеуніктер мен кәсіпкерлер арасындағы байланысты азайту арқылы сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары қатайды. Лауазымы мен еңбегіне қарамастан барлығын да жауапқа тартатын заң қолданысқа енді. Жалпы, бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде, оның нәтижесі көрініп тұрғандықтан, қоғам тарапынан оң баға беріліп отыр», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшілер жұмысын мінсіз әрі адал атқаруы үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.
«Бүгінде олар материалдық және әлеуметтік кепілдіктермен қамтылған, сондықтан біз олардан адал қызметтің үлгісін көрсетіп, заңнаманы сақтауды талап етуге құқылымыз. Бұл, әсіресе, елімізде мемлекеттен орасан қаражат бөлініп, «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру жөнінде ауқымды жұмыс жүріп жатқан қазіргідей кезеңде айрықша өзекті. Сондықтан Бас прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жұмыс істеген жөн», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті біздің республика ТМД-да бірінші болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңды қабылдағанын атап өтті.
«Осы заңды қабылдау кезінде мен ешкімге жеңілдік болмайтынын және ешкім де жазадан құтылмайтынын айтып, бүкіл халыққа мәлімдеме жасадым. Мемлекет тиімді басқарушыларды тәрбиелеп шығару үшін көп уақыт пен қаражат шығындайды. Ал олар сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берсе, жұмсалған сол барлық күш-жігер мен шығын босқа кеткен болып шығады. Халық осыны түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен ымырасыз күреске мүдделі болғаны жөн. Қазақстандықтар арасында бұл мәселеге немқұрайлы қарайтындар болмауы тиіс. Ең бастысы, жұртшылық жемқорлық көріністеріне төзбей, ол жөнінде хабарлап, сол бойынша ілкімді шаралар қабылдануы керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бас прокурор партия бағдарламасын нақты іске асыруға кірісіп те кеткендерін мәлімдеді.
«Экономиканы одан әрі дамытуға бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалану барысында заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау жөніндегі жұмыс жолға қойылды. Біз әр теңгенің тиімді пайдаланылуын, бұл қаражатты жымқыруға жол берілмеуін қадағалайтын боламыз», – деді А.Дауылбаев.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Мемлекет басшысы айтқан міндеттер басым мәнге ие болатынына тоқталды.
«Ертеңнен бастап біз өзіміздің толыққанды қызметімізге кірісеміз. Тиісті заң қабылданды, қазір Агенттіктің жеке құрамын жасақтау жұмысы жүріп жатыр. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүйелі жұмысты жолға қоя алатынымызға сенімдімін», – деді Қ.Қожамжаров.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер