- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан моноқалаларында 14 «зәкірлі» жоба жұмыс істеуде – ҰЭМ
Қазақстан моноқалаларында 14 «зәкірлі» жоба жұмыс істеуде – ҰЭМ
«Экономиканы әртараптандыру мақсатында 25 моноқалада 48 «зәкірлі» инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың жалпы құны 1,1 трлн теңге. Нәтижесінде 26 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Солардыың ішінде 2,7 мың тұрақты жұмыспен қамтыған 14 жоба пайдалануға берілді», - дейді Өскенбаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінгі таңда салынған жобалардың жетеуі 50-100 пайыз аралығында жобалық қуаттылыққа ие болса, қалған жетеуінің жалпы өндіріс көлемі 32,7 млрд теңге бола отырып жобалық қуаттылықтың 50 пайызынан аз деңгейде жұмыс істеуде», - дейді.
«Степногор қаласында екі зәкірлі жоба бар. Біреуі жапондармен бірлесіп қолға алынып, жобалық қуаттылыққа шығуда. Биыл енді тағы бір зауытты аяқтаймыз. Ерейментау ауданында да молибден іске қосылады», - дейді ҚР инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау.
Сонымен қатар, Хромтауда ЕNRC ферроқорытпа зауытын салу мәселесін қарап жатыр. «Хромтау қаласында салу ойда бар. Онда қор да тұрақты. Өздеріңіз де білесіздер, Қазақстан хром өндірісінен әлемде екінші орын алады», - дейді вице-министр.
Айта кету керек, моноқалалардағы шараларды іске асыру үшін облыс әкімдіктері 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарға сай 88 млрд теңгеге өтініш берген. Алайда бюджет тапшылығына сай оларға 50 млрд теңге бөлінді.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады