- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы ақпараттық-телекоммуникациялық бағыттағы белсенділік артты – Ізтілеуов
2014 жылы ақпараттық-телекоммуникациялық бағыттағы белсенділік артты – Ізтілеуов
17 Қараша, 2014 16:19
2014 жылы инновациялық жобаларды енгізу аясында ақпараттық-телекоммуникациялық бағыттағы белсенділік артты, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Санжар Ізтелеуов.
«Агенттіктен өтетін өтініштерге қарап негізгі жобалардың көмірсутек шикізатының өндірісі, тасымалы мен өңдеуіне байланысты екенін айтуға болады. Сонымен қатар, АӨК мен мұнай химиясы саласындағы жобалар да белсенді түрде өтініш беруде. Машина құрастыру саласы мен ақпараттық-телекоммуникациялар саласындағы жобалардың да белсенділігі жоғары», - деді ол.
Оның айтуынша, соңғы 5 жылда инновациялық жобаларды қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету аясында Агенттік қарауына 1400-ден астам өтініш кеп түскен. Солардың арасында жалпы құны 9,9 млрд теңгеге 227 инновациялық жобаға грант берілді. Ал 116 бастауыш инновациялық кәсіпорынға технологиялық бизнес-инкубация қызметтері көрсетілді.
Индира Қауметова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы