- Басты
- Жаңалықтар
- Санкт-Петербургте қазақстандық өндірістің азық-түлік өнімдері таныстырылды (ФОТО)
Санкт-Петербургте қазақстандық өндірістің азық-түлік өнімдері таныстырылды (ФОТО)
«KAZNEX INVEST» АҚ қолдауымен Бірыңғай ұлттық стенд форматындағы «PeterFood 2014» 23-інші халықаралық азық-түлік көрмесінде қазақстандық өндірістегі азық-түлік өнімдері таныстырылды. Ресейдің азық-түлік сауда саласындағы Солтүстік-Батыс өңірінің басты көрмесінде шұбат, таң, айран, ірімшік тағамдарының дәмін тату шаралары өткізілді. Сонымен қатар, ұлттық стендте Қазақстанның алдыңғы қатарлы макарон өнімдері компаниясының өнім түрлері ұсынылды», - делінген хабарламада.
2014 жылы көрмеде әлемнің 213 елінен 200-ден астам компания қатысып, оған он мыңнан астам адам келді.
KAZNEX INVEST хабарлауынша, қазақстандық компаниялардың аталмыш шараға қатысуы 12 елдің, атап айтар болсақ, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Армения, Венгрия, Италия, Латвия, Литва, Польша, Тунис, Чехия елдерінің өкілдерімен іскерлік қатынас құруына мүмкіндік берді. Бұл алдағы уақытта мемлекеттер арасында сауда қатынастарын орнатуға жол ашпақ.
Айта кету керек, «Петервуд» көрмесі 20 жылдан бері іскерлік қатынас орнату мен Ресей өңірлерінде тауарларды таныстыруға таптырмас орынға айналды. Бұл өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыс құратын бірегей шара болып табылады.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы