Өскеменде тағы бір спорт алаңы ашылады

17 Қараша, 2014 19:02
Өңір басшысы Даниал Ахметов Өскеменнің бірқатар нысандарын аралап көрді, олардың ішінде «Қазмырыш» ЖШС, Темірязев көшесіндегі жабық хоккей модулі, балалар-жасөспірімдердің футбол орталығы, деп хабарлады ШҚО Ақпараттық орталығы.

Жақын арада Өскеменде тағы бір спорт алаңы ашылады. Ол «Жастар экологиялық кешені» құрамына енеді.

Бұл арада ШҚО-дағы тұңғыш эко-үй салынады, ол жасыл технологияның айқын үлгісі болмақ. Нысанның құрылысы қазақстандық қамту бойынша жүргізіледі. Жақын күндері электр қуаты қосылды.

«Жастар ұйымдары мен қоғамдық ұйымдар кешен мекемесінің аймағында орналастырылады. Арбат, іскерлік орам, Қамқорлық үйі сынды нысандарды тұрғызу жоспарланған. Жастарға  картинг, скалодром және «Лазертаг» полигоны ұсынылады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Өскеменің хоккей және футбол нысандары жастарды спортқа тартуға бағытталған. Хоккей модулінің жұмысы жазда бір жарым айға ғана тоқтатылады. Футбол кезеңі де біраз ұзартылды.

Д.Ахметов облыс орталығы аталмыш спорт түрлерін дамытуға жақсы база екенін айтып өтті. 

Барлық жаңалықтар