«Нұрлы жол» - келешегімізді кемелдендіретін саяси құжат

17 Қараша, 2014 19:49
Өсу мен өрлеу жолына түскен қазақ еліне Елбасымыз тағы бір Жолдауын арнады. Бұл саяси құжат алдыңғы қатарлы елдердің даму жоспары іспетті біздің де келешегімізді кемелдендіруге қызмет етеді деген сенімдеміз, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында «Бірлік» агрофирмасының бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Әбдіжаппар Қыстаубаев.

«Шын мәнінде, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған Жолдауы болашаққа жол тартатын өрелі бағыт деуге негіз бар. Өйткені келешекке жеткізер жолда елді мекендер инфрақұрылымын жақсартып, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға, тың мүмкіндіктер жасап, экономиканы көтеруге ықпал ететін бағдарламаларды жүзеге асыру тетіктері қарастырылған», - деді ол.

Әсіресе, Елбасының мемлекетімізді индустриялық бағытта өрістетуді көздейтін зор бастамасы ерекше қуандырды. Сол сияқты көлік және энергетиканы,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жетілдіру, жолдарды жөндеу, жаңа инвестиция тарту сияқты ел көкейінде жүрген орынды мәселелерді де дөп баса білді.

«Сондай-ақ, жас отбасылар мен баспанаға зәру азаматтарға жаңа мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді бастапқы жарнасыз, бір-екі пайызбен беру туралы берген тапсырмасы көңілге қонымды болды. Шағын және орта бизнесті өрістетіп, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларының жалғасатынына да мән берілді. Міне, осының бәрі алдағы кезде үлкен экономикалық өрлеуге әкеледі деп ойлаймын. Ендігі кезекте  осы міндеттерді орындауға  бәріміз белсене кірісіп, үлкен жауапкершілікпен атсалысуымыз керек», - деді ол. 

Барлық жаңалықтар