• Басты
  • Жаңалықтар
  • Президенттің қолдауы бізге жетістікке жетуге және алға ұмтылуға септігін тигізуде - Габидуллина (ФОТО)

Президенттің қолдауы бізге жетістікке жетуге және алға ұмтылуға септігін тигізуде - Габидуллина (ФОТО)

17 Қараша, 2014 13:32
Президенттің қолдауының арқасында біз спортпен айналыса аламыз, алға ұмытылып және жетістікке жете аламыз, деп ағынан жарылды ОКҚ өткен брифингте паралимпиадалықтардың ішінде жүзу бойынша әлем чемпионы және әлемнің екі дүркін рекорд орнатушысы Зульфия Габидуллина.

З. Габидуллина атап өткендей, өмірде мүмкін емес ештеме жоқ, бастысы алға ұмтылып мақсатқа жету үшін аянбай еңбек ету керек.

«Мен спортпен бастапқыда өзім үшін айналыса бастадым, ал 2007 жылы кәсіби спортқа көштім. Мен параолимпиада спорт түрлерінің олимпиадалық спортқа теңестірілгеніне қуаныштымын. Біздің бүгінгі жетістігіміз өз өзіне сенбейтін жандарға үлгі болады деген үміттемін. Менде мен үшін көп нәрсе қолжетімсіз деп ойлағанмын, алайда қол жетпейтін дүние жоқ екен. Мен тіпті аспандағы жұлдызды да ала аламын», - деді әлем чемпионы.

Естеріңізге сала кетейік, Инчхон қаласында осы  жылдың 18-24 қазанында  ПараАзиялық ойындар өтті. Қазақстанның құрама командасы  9 спорт түрі бойынша қатысып, 24 медальды иеленді. Өз кезегінде, Зульфия Габидуллина 50 метр қашықтықта сүңгіп жүзуден әлем рекордын орнатып, алтыннан алқа тақты.

Индира Кауметова

Фото Азамат Алиев

Барлық жаңалықтар