• Басты
  • Жаңалықтар
  • Дене шынықтыру және спорт туралы заңға параспортты дамыту бойынша бап енгізілді – Есентаев

Дене шынықтыру және спорт туралы заңға параспортты дамыту бойынша бап енгізілді – Есентаев

17 Қараша, 2014 13:06
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту мақсатында алғаш рет дене шынықтыру және спорт туралы заңға параспортты дамыту бойынша бап енгізілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауының арқасында елімізде спорт саласы жоғары қарқынмен дамуда. Қазақстанда бірқатар ірі халықаралық деңгейдегі бәссекелер ұйымдастырылып, бүгінде еліміз спорттық державалардың біріне айналды. 2014 жылдың 3 шілдесінде қол қойылған дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заңында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту мақсатында «Паралимпиядалық қозғалыс», «Сурдлимпиялық қозғалыс» және «Арнайы олимпиадалық қозғалыс» баптары енгізіліп отыр», - дейді Есентаев.

Оның айтуынша, Үкіметтің қаулысымен жоғары деңгейдегі спортшыларды жыл бойы дайныдайтын спорттық орталық ашылды.

Айта кету керек, биылғы жылдың 18-24 қазан аралығында Инчхон қаласында Паралимпиада ойындары өтті. Оған 43 елден 23 спорт түрі бойынша спортшылар бақ сынасып, 605 медальдар кешені сарапқа салынды.

Барлық жаңалықтар