• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көлік инфрақұрылымын дамыту халықты жұмыспен қамту деңгейін арттырады – Цеховой

Көлік инфрақұрылымын дамыту халықты жұмыспен қамту деңгейін арттырады – Цеховой

17 Қараша, 2014 11:45
Көлік инфрақұрылымын дамыту халықты жұмыспен қамту деңгейін арттырады. Бұл туралы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің халықаралық жоба басқару орталығының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алексей Цеховой ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Жол салу жұмыспен қамтуға жол ашып, шағын және орта бизнестің, ауыл шаруашылығының дамуына жағдай жасайды. Өңірлерде осынау жолдарды игіліктеріне пайдаланып, аграрлы секторлы тасымалмен қамтуға мүмкіндік беріледі», - дейді ол.

Профессордың айтуынша, Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мамандарды дайындауда сала мен ғылымды байланыстыра отырып дайындау әдісі қолданылатын еліміздегі алдыңғы қатардағы  10 университеттің қатарында. «Қазір біз жобаларды басқару саласы бойынша мамандар дайындаудамыз. 2008 жылдан бастап осынау мамандарға мән беріп, қазіргі таңда елімізде 4 ЖОО осынау кадрларға ден қойған. Ал логистика саласында бүгінге дейін 92 магистрантты оқытып шығардық», - дейді.

Сөз соңында А.Цеховой елдің ғылыми-техникалық интеллигенциясы инфрақұрылымдық бағытты дамыту секілді қазіргі таңдағы ірі жобалардың интеллектуалдық бөлігін іске асыруға белсенді ат салысып жатқанын айтты.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар