• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Цеховой: «Нұрлы жол» қиын жылдары елдің тұрақты дамуына бағытталған (Брифинг бейнебаяны)

А.Цеховой: «Нұрлы жол» қиын жылдары елдің тұрақты дамуына бағытталған (Брифинг бейнебаяны)

17 Қараша, 2014 11:24
Жаңа экономикалық «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» саясаты қиын жылдары елдің тұрақты дамуына бағытталған. Бұл туралы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің халықаралық жоба басқару орталығының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алексей Цеховойна ОКҚ брифингінде.

«Елбасының кезекті Жолдауы әдеттегіден ертерек жарияланды. Бұны ел Президентінің өзі бізге түсіндірді. Басты себеп ретінде Ұлт көшбасшысы қазіргі таңдағы әлемдік саяси ахуалдар мен жаһандық экономикалық жағдай. Осы орайда Елбасы жағдайды бағамдап, жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін елді осынау күрделі кезеңнен алып шығуға жұмсамақ. Жаңа экономикалық «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» саясаты қиын жылдары елдің тұрақты дамуына бағытталған. Жолдауда айтылғандай, сыртқы теке-тірестер мен табиғи ресурстар айналасындағы күрделі жағдайда біздің ел өзіндік ұстанымынан таймай аталмыш кезеңнен аман өтуі тиіс», - дейді А.Цеховой.

Оның айтуынша, кезекті Жолдау Мемлекет басшысының барлық стратегиялық мақсаттарының өміршеңдігі мен дер кезінде қолға алынғанын дәлелдеп, соның арқасында Ұлттық қордан бөлінген қаражат пен қолға алынған өзге шаралардың ұтымдылығын көрсетті.

«Жылдар бойы Ұлттық қорға жинақтаған қаражатымыз осынау уақытта көлік, индустриялды, энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылым, инновациялық салалардың дамуына бағытталып, Жолдауда елдің экономикалық дамуы жаппай индустрияландыру екені айтылады. Сонымен қатар, бұл саясаттың ҮИИД МБ-2 бағдарламасына сай келетіні белгілі. Соның ішінде инфрақұрылымды дамудың көлік-тасымал саласына көбірек көңіл бөлінбек», - дейді.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар