- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» Жолдауы инновациялық әлеуетке ие – Н.Әбдібеков
«Нұрлы жол» Жолдауы инновациялық әлеуетке ие – Н.Әбдібеков
«Президентіміздің Жолдауы – аса ірі тарихи оқиға. Өйткені, Мемлекет басшысының әрбір Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы тың ойлар айтылады. Келешекке кемел жоспарлар жасалады. Елімізде қалыптасқан қазіргі жағдайға талдау жасалып, шұғыл шешімді талап ететін басым бағыттар айқындалады. Биыл жарияланған стратегиялық құжатта Мемлекет басшысы ең алдымен, еліміздің әр сала бойынша инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар, шикізат өндіру, жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, аймақтардың өзара байланысуы, шағын және орта бизнесті өрістету, жаңа инвестициялар тарту, индустриялық-инновациялық жобаларды жаңғырту бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыру қажеттігіне тоқталып, нақты жолдарын ұсынды»,-деді аймақ басшысы.
Нұрмұхамбет Әбдібеков жоспарда көрсетілген, жүзеге асырылуы тиіс 7 басым бағытқа тоқталып өтті.
Оның ішінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақтың жүзеге асуы, өндірістік кәсіпорындарды дамыту, туризм саласы, Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығына қатысты мәселелер қамтылды.
«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы 7 басым бағытты айқындады. Бірінші көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, ол хаб қағидаты бойынша макроөңірлер қалыптастыру аясында жүзеге асырылады. Осыған орай негізгі автожол жобаларын іске асыру міндеті қойылды», - деді аймақ басшысы.
Ол жол саласының ең ауқымды жобаларының бірі «Орталық-Оңтүстік» халықаралық дәлізінің учаскесін қайта жөндеу қажет екенін айтты.
«Біздің облыс аумағы бойынша ұзындығы 653 шақырым автомобиль жолы өтеді, таяуда «ЭКСПО-2017» даярлық аясында ұзындығы 93 шақырым болатын «Астана-Теміртау» автожолының учаскесі пайдалануға беріледі», - деп атап өтті.
Маңыздылардың ішінде «Қарағанды-Жезқазған» тас жолы бар. «Қиыршық тас жамылғысымен ұзындығы 98 шақырым учаскені қайта жөндеу жоспарланды. Жобалау-сметалық құжаттама бар. Жоба құны 18,9 млрд. теңге», - деп хабарлады әкім.
Ол осы жылғы тамызда Мемлекет басшысының қатысуымен жаңа темір жол желілері арқылы пойыздар қозғалысы ашылғанын айтып өтті.
«2015 жылы аталмыш нысандар пайдалануға беріледі, бұл облыстың шалғайдағы елді мекендерін дамытуға оң әсер етпек, жаңа жұмыс орындары құрылып, жергілікті халықтың табыс деңгейі артады», - деп сөзін түйіндеді Н. Әбдібеков.
Авиацияны дамыту бойынша, ол «Қарағанды-Павлодар», «Қарағанды-Шымкент» жаңа рейстерін ашу жоспары барын айтты.
Өңір басшысы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасына қала, аудан әкімдерімен бірлесіп жоспарланған индикаторларды сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ өз сөзінде аймақ басшысы Ел Президентінің жолдауында мемлекетіміздің алдағы уақытта даму жоспары ұсынылып, ол мақсатты жүзеге асыру жолдары көрсетілгенін жеткізді.
«Аталған Жолдауды іске асыру – облысымыздың және тұтастай алғанда еліміздің гүлденуі үшін әрқайсымыз жауапты екенімізді сезініп, аянбай еңбек етуіміз қажет.Уақыт тым аз, ал жүктелген міндеттер өте көп. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді»,-дейді дана халқымыз. Бұны қала және аудан әкімдеріне де қаратып айтып отырмын. Жергілікті атқарушы билік, депутаттық корпус, саяси партиялар, кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар, тұтастай алғанда облысымыздың азаматтық қоғамы бірігіп, жұмыла жұмыс істеп, осылайша, Мәңгілік Елдің іргесін бірге қалайтын боламыз! Қарағанды облысының әрбір тұрғыны – бұл тарихи құжатқа зор үлес қосарына сенімдімін»,-деді Н.Әбдібеков.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев