- Басты
- Жаңалықтар
- Өсімдік шаруашылығы саласындағы өндіріс көлемі 1,5 есеге ұлғайды – АШМ
Өсімдік шаруашылығы саласындағы өндіріс көлемі 1,5 есеге ұлғайды – АШМ
«Соңғы үш жылдағы өсімдік шаруашылығы саласының жылдық орташа жалпы өнім көлемі 1,2 трлн теңгеден асып, былтырғы жылға қарағанда 1,5 есе артық көрсеткіш беріп отыр», - дейді А.Мамытбектов.
Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу өндірісі көлемі де ұлғайып, өсімдік майы 31 мың тонна, яғни 42 пайызға көбейсе, консервіленген көкөніс көлемі 10 пайыз көбейді.
Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, 2011-2013 жылдары астық, ұн мен күнбағыс тұқымын сатудан шамамен 5,9 млрд доллар көлемінде экспоттық кіріс кірген. «Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда 10 пайызға артық. Мемлекеттік қолдау көлемін арттыру мен заманауи технология құралдарын енгізу шараларын әртараптандыру жұмыстарыөсімдік шаруашылығы өндірісі көлемін арттырып, мал шаруашылығын жем-шөп қорын көбейтуге мүмкіндік берді»,- дейді министр.
Министрдің мәліметінше, күнбағыс тұқымы, көкөніс, картоп пен бау-бақша өнімдері өндірісінің жылдық орташа көлемі 2011-2013 жылдары әр өнім түрі бойынша шамамен 0,5 млн долларды құрады.
«Өндіріс көлемін арттыру, бағаның қымбаттауы ауыл шаруашылығы өнімінен түсетін табыс көлемін көбейтуге мүмкіндік береді», - дейді ведомство басшысы.
Камила Амирова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер