Индонезиямен ынтымақтастық жалғасатын болады – әкімдік

17 Қараша, 2014 12:58
Аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Гултома Фостерді қабылдады.

«Аймақ басшысы мәртебелі мейманға Қарағанды облысы туралы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, жергілікті билік органдарының жұмысы жайлы баяндап берді. Оның ішінде «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағына да тоқталды», - делінген хабарламада.

« Өзіңіз білетіндей, күні кеше Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жариялаған болатын. Еліміздегі ең ірі облыс ретінде Қарағанды өңірі Жолдаудың жүзеге асуына бар күшін салады», - деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды. Оның ішінде индонезиялық «Multistrada Arah Sarana Tbk» компаниясы ұсынған «Карагандарезинотехника» ЖШС-ның құрылысы да сөз болды. Гултом Фостер мырза қарымта сөз сөйлеп, аймақ басшысына алғысын білдірді.

 

 

Барлық жаңалықтар