- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Румыния қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Румыния қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы меморандумға қол қойды
Кездесу барысында сұхбаттасушылар қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік салаларында одан әрі ынтымақтасудың келешегі жөніндегі мәселелерді талқылады.
«Кездесудің нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек, қолға түскен қылмыскерлерді беру және сотталған адамдарды беру туралы үш мемлекетаралық келісім-шартқа қол қойылды», - делінген хабарламада.
Қазақстанның бас қадағалау органының басшысы атап өткендей, бұл біздің ел үшін еуропалық қауымдастықпен жақындасу жолындағы кезекті және аса маңызды қадам болды, себебі Румыния Қазақстанмен қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекетаралық шарттардың барлығына қол қойған еуропалық мемлекеттердің қатарына қосылды.
Тараптар қол жеткізілген келісімдер екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын нығайтуға және Қазақстан мен Румыния азаматтарының конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінемаңызды үлес қосуға бағытталғандығын қанағаттанарлық сезіммен атап өтті.
Сонымен қатар А.Дауылбаев аталған келісім-шарттардың бекітілуі Қазақстанның құқық жүйесінің қарыштап дамып келе жатқандығының және біздің елімізде адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін халықаралық үлгідегі көпшілік мойындаған құқықтық тетік құрылғандығының белгісі болып табылатындығын атап өтті
Қазақстанның Бас Прокуроры өз сапары барысында Румынияның Бас прокуроры Тибериу-Михаил Нитумен де кездесті. Тараптар халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасып, трансұлттық ұйымдасқан қылмысты ескерту және болдырмау бойынша үйлестірілген іс-қимыл жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен бірге, тараптар бекітілген келісім-шарттарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, екі мемлекеттің қадағалау органдарының қалыптасуы мен даму тәжірибелері бойынша ақпарат алмасты, сондай-ақбұдан арғы ынтымақтастықтың келешегін саралады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары