• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында «Нұрлы жол» Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру мәселесі талқыланды (ФОТО)

Алматы облысында «Нұрлы жол» Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру мәселесі талқыланды (ФОТО)

17 Қараша, 2014 09:52
Облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асыруда актив жиыны өткізілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыс әкімі А.Баталов Жолдауда көрсетілген негізгі 7 басым бағыттарға кеңінен тоқталып, бұдан әрі бұл бағдарлама бойынша түсіндіру жұмыстарын сапалы әрі қысқа мерзім ішінде жүргізуді тапсырды.

«Алматы облысының дамуына ерекше көңіл бөлетін Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында осы бағыттардың әрқайсысы бойынша, бізде жүзеге асырылып жатқан  жобалар бар. Бұл «құрғақ портының» құрылысы, «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақ, Батыс Қытай - Батыс Еуропа, Алматы – Өскемен автожолы жобалары. Іле ауданындағы, облыстық маңызы бар үш қаладағы  индустриялық аймақтар, Алматы - Талдықорған бағытындағы жоғары вольтты электр желісі мен газқұбырының құрылысы. Облыста келешегі бар туристік аймақтар бар. Берілген тапсырмалар негізінде атқарушы органдардың әр басшылары нақты жұмыстар атқарып, жетістіктерге жету жолдарын қарастыру қажет», - деп атап өтті Амандық Баталов.

Сонымен қатар, келесі жылы аталып өтілетін Қазақ хандығының   550 жылдығы, Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 70 жыл толу, Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы сынды бірқатар атаулы даталарды мерекелеу бойынша жұмыстар атқаруды тапсырды.

Актив жиынында облыс әкімінің орынбасарларына, бірқатар облыстық басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеліп, сол бойынша нақты жұмыстар жүргізу ұсынылды.

Барлық жаңалықтар