Амманда Қазақстан-Иордания қарым-қатынасы талқыланды

17 Қараша, 2014 09:02
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Азамат Бердібай Иорданияның Индустрия, сауда және жабдықтау министрі, Қазақстан-Иордания Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Хатем Халауанимен кездесті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

«Кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, өзара сауда айналымының көлемін ұлғайту, жуырда өткізілуі жоспарланған Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясы отырысының мазмұндық және ұйымдастыру мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Елші иорданиялық министрді Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы Жол» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырып, Жолдаудың Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруді көздейтін әлеуметтік-экономикалық сипатына басты назар аударды. Сонымен бірге, Елбасы Жолдауның нақты тқжырымдамаларын талқылауға айрықша көңіл бөлінді.

Министр Х. Халауани Жолдаудың маңызын жоғары бағалай отыра, Қазақстан көшбасшысының салиқалы әрі дана саясатын ерекше атап өтті.

Барлық жаңалықтар