• Басты
  • Жаңалықтар
  • Біз Елбасының «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасын 100 пайыз қолдаймыз - ҚХКП

Біз Елбасының «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасын 100 пайыз қолдаймыз - ҚХКП

15 Қараша, 2014 14:19
Біз Елбасының «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасын 100 пайыз қолдаймыз, деді ОКҚ брифингінде Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚКХП хатшысы Айқын Қоңыров.

«Меніңше, Елбасының «Нұрлы жол»  жаңа экономикалық бағдарламасы өндірістік күш пен қоғам дамуына бағытталған. Біз бұл бағдарламаны 100 пайыз қолдаймыз», - деді А.Қоңыров.

Депутат атап өткендей, тұрғын үй бағдарламасына бөлінген 180 млрд теңге Қазақстандағы әлеуметтік тұрғын үй нарығын жақсартады.

«Құрылыс мультипликативті әсер береді, адамдар өздеріне үй салатын болады,аталмыш салаға бөлініп отырған қосымша қаржының құны 180 млрд теңге», - деді ол.

Сондай-ақ, мәжілісмендердің айтуынша, әлеуметтік баспананың құрылысы мен агроөндірістік кешеннің қолдауы  мемлекеттік банктер арқылы жүзеге асады.

Индира Қауметова 

Барлық жаңалықтар