Ақмола облысының жәрмеңкесінде 102 тонна өнім сатылды (Фото)

16 Қараша, 2014 15:02
Көкшетауда , Зеренді, Шортанды және облыс орталығының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті азық-түлік жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Бұл жолғы жәрмеңкеге азық-түліктің 46 түрі әкелінген. Оның ішінде 32 тоннаға жуық ет пен шұжық, 1,5 тонна балық, 20,5 мың дана жұмыртқа, 6,5 тонна ұн,2,5 тонна жарма өнімдері, 11 тонна картоп, 12,5 тонна көкөніс, 11 тонна қант, 6,6 тоннадан астам сүт және тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдері бар.Жәрмеңкені аралап көрген облысы әкімінің орынбасары Қадырхан Отаров азық-түлік бағасымен қатар сапасына да назар аударды», - делінген хабарламада.

Жалпы, бұл күні облыс орталығына Зеренді, Шортанды және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 41,8 миллион теңгенің 102,6 тонна азық-түлігін әкелді.

 

Барлық жаңалықтар