А.Қоңыров: Ұлттық қор Қазақстанды дағдарыстан алып шығады

15 Қараша, 2014 13:14
Елдің Ұлттық қоры экономика өсіміне жаңа тәртіпті енгізеді.Бұл туралы ОКҚ брифингінде Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда жаһандық жоспар тұрғысында дағдарыстан шығу келешегі пайда болды. Ұлттық қордың активтері бүгін 76,8 млрд долларды құрап отыр, бұл жыл ішінде ол 6 млрд долларға өсті. Бұл жыл әлі аяқталған жоқ, әлі көрсеткіштер өседі деген үміттеміз», - деді ол.

 Мәжілісменнің айтуынша, бүгін Ұлттық банктің алтын валюта қоры  27,4 млрд долларды құрап, 13,69 пайызға өсті.

«Біздіңше, аталмыш ұстаным, яғни Ұлттық қор  дағдарыс кезінде тығырықтан алып шығу мүмкіндігін ұсынады», - деді ол.

Өз кезегінде А.Қоңыров валюта бағамы ел ішінде өзгермейді, себебі инфрақұрылымдық жобалар ұлттық валютада жүзеге асады.

Индира Қауметова 

Барлық жаңалықтар