Н.Назарбаев Швейцария Конфедерациясының Президентімен кездеседі

15 Қараша, 2014 12:04
Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жариялады.

«20 қарашада  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Швейцария Конфедерациясының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесу өткізеді жоспарланып отыр.Швейцария біздің елдің Еуропадағы маңызды сыртқы саяси және экономикалық серіктесі болып саналады. Соған орай, мемлекет басшылары Қазақстан мен Швейцария қарым-қатынасын өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша нығайту мәселелерін талқылайтын болады. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға баса көңіл бөлінеді», - делінген хабарламада.

Дидье Буркхальтер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының іс басындағы төрағасы да болып саналады. Осы орайда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен тәжірибесі ескеріле отырып, Ұйым қызметінің негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасылады деп болжануда. 

 

Барлық жаңалықтар