• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде саладағы өзекті мәселелер талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде саладағы өзекті мәселелер талқыланды

15 Қараша, 2014 15:02
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады ДСӘДМ.

«Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің кешегі отырысында ҚР Президенті Н.Назарбаев халық денсаулығын сақтауды тиімді қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін атап көрсетті. Мемлекет басшысы трансшекаралық тәуекелдер және биологиялық қауіп-қатерлер бойынша өзге мемлекеттермен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өзара іс-әрекеттестікті және ақпарат алмасуды жандандыру міндетін қойды», - делінген хабарламада.  

ДСҰ Қазақстандағы өкілі Мелита Вуйнович өз баяндамасында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2016-2020 жылдарға арналған келесі кезеңін әзірлеуге халықаралық ұйымдардың ат салысуға дайын екенін жеткізді.

Кеңесте мемлекеттік органдардың жауапкершілігі және олардың іс-әрекеттерін үйлестіруді қамтамасыз ету, туберкулезбен, нашақорлықпен, психикалық ауытқушылықпен, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдарды есепке алу, тіркеуге қатысты проблемалар талқыланды. 

Қоғамдық денсаулық сақтау саясатын, әкімшілік және құқықтық бақылауды, сондай-ақ, мемлекет пен қоғам арасында сабақтастықты қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекеттестігі мәселелері денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары, жалпы қоғам субъектілерінің қызметі үшін өте маңызды.   

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Ішкі істер, Әділет министрліктері және ҚР Бас прокуратурасының өкілдері кіретін Ведомствоаралық жұмыс тобын әлеуметтік маңызды ауруларға шалдыққан адамдарға көмек көрсету бойынша кешенді шаралар әзірлейді. Мемлекеттік органдар өз кезегінде халық денсаулығын қорғау саласындағы бағдарламаларды уақытылы және сапалы іске асыру үшін барлық шараларды қабылдайды.  

Барлық жаңалықтар