ҚР-да БЖК аясында 187 мың кәсіпкер қолдауға ие болып отыр

15 Қараша, 2014 15:34
Қазақстанда 187 мың кәсіпкер Бизнестің жол картасы аясында барлық қолдауға ие болып отыр. БЖК-2020 аясында 182 мың жұмыс орны сақталып, 54 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

2014 жылдың бірінші жартысында мемлекеттік бағдарлама қолдауымен елдің барлық аудандарының кәсіпкерлері қамтылды. Сондай-ақ, 15 индустриялды аймаққа  өндірістік инфрақұрылым жүргізілуде: ОҚО-10, Қызылорда облысы-4,Ақтөбе облысы -1. Келесі жылы 12 индустрияландыру аймағын қаржыландыру жоспарланған.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында қаржылық емес көмекті 73 мың кәсіпкер алды.

ШОБ-ті қолдайтын ақпараттық-консультативтік бизнес-инфрақұрылымды қамтамасыз ететін бірыңғай жүйені құру мақсатында Семей қаласы мен облыс орталықтарында 17 КҚО қызмет көрсетеді, ал аудандық жерлерде 188 КҚО бар.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарламаның негізгі механизмдерінің бірі. 

Барлық жаңалықтар