- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Болгария құзырлы органдар арасындағы жемісті ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан мен Болгария құзырлы органдар арасындағы жемісті ынтымақтастықты талқылады
«Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Болгарияның құзырлы органдарының арасындағы жемісті ынтымақтастығын жоғары бағалап, осы сапардың қалыптасқан өзара бірлескен іс-қимылды одан әрі тереңдетуге тараптардың мүдделі екендіктерін дәлелдейтіндігін атап көрсетті. Осы орайда киберқылмыспен, терроризммен, экстремизммен және трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресте бірлесе күш біріктірудің маңыздылығы ерекше аталды», - делінген хабарламада.
Қазақстанның Бас Прокуроры прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарына, халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту саласында өткізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағыұсталғанқылмыскерлерді беру туралыжәне қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға қол қойылды. Сонымен қатар, тараптар жақын арада сотталған адамдарды беру туралы шарт жасасуға келісті.
Қол жеткізілген шарттар күшіне енгеннен кейін екі мемлекетте де қылмыскерлерді экстрадициялауға және құқық қорғау органдарының қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша тиімді іс-қимыл жасасуға құқықтық негіздер пайда болады.
Тараптар қол қойылған құжаттар Қазақстан мен Болгарияның құқық қорғау органдарының құқықтық қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеріп, екі ел азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жағымды ықпал ететіндігіне сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция