• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жаңа экономикалық саясат Қазақстан мен Нидерланды арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге жаңа мүмкіндік береді - Елші

Жаңа экономикалық саясат Қазақстан мен Нидерланды арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге жаңа мүмкіндік береді - Елші

15 Қараша, 2014 12:16
Жаңа экономикалық саясат Қазақстан мен Нидерланды арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге жаңа мүмкіндік береді, деді Strategy2050.kz. ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Нидерланды Королдігінің елшісі Хенри Дриссер.

«Қазақстанның жаңа технологиялары арқылы шетелдік инвестициялар тарту , ДСҰ-ға қосылу, ЕО-мен серіктестік туралы ынтымақтастық орнату сынды саясаты сақталған жаңа экономикалық саясат экономикалық ауа-райға төтеп беруді қамтамасыз етеді.Ұлттық қордың қаражатын қолдану- тиімді шешім. Жаңа экономикалық саясат аясында жүзеге асқан шаралар экономиканың әртараптануына әсер етеді.Жаңа экономикалық саясат Қазақстан мен Нидерланды арасындағы ынтымақтастықты тереңдете түседі», - деді ол.

Елші атап өткендей, мұнайдың төмен бағасы, әлемдік экономиканың бәсеңдеуі тұрғысынан алып қарағанда жаңа саясат Кейнс ұсынған экономикалық ұсыныстарымен туыстас болып келеді. 

Барлық жаңалықтар