• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Төрағасы Израильдің Қазақстандағы Елшісі мен Испанияның бұрынғы сыртқы істер министрін қабылдады

Сенат Төрағасы Израильдің Қазақстандағы Елшісі мен Испанияның бұрынғы сыртқы істер министрін қабылдады

15 Қараша, 2014 10:01
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Элияу Тасманды қабылдады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

«Қ.Тоқаев Қазақстан мен Израиль қатынастарының жемісті дамуына қанағаттанғандық білдіріп, 2015 жылғы 10-11 маусымда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне әзірлік барысы және ол діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуына арналатыны туралы хабардар етті. «Біз саммит жұмысына Израильдің діни көшбасшыларының қатысуын жоғары бағалаймыз және олардың бұдан былай белсенді қатысуына сенім артамыз», - деді Қ.Тоқаев. Ол сондай-ақ Президент Жолдауына елшінің назарын аударды», - делінген хабарламада.

Э.Тасман Сенат Төрағасына Қазақстандағы дипломатиялық миссияның жұмысы және су жинақтаудың тиімділігі, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларындағы өзара іс-қимылды белсенділендіру жоспарлары егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Халықаралық саладағы өзекті мәселелер Қ.Тоқаев пен Испанияның бұрынғы сыртқы істер министрі, белгілі қоғам қайраткері Мигель Анхель Моратиноспен кездесу барысында талқыланды.

Палата Төрағасы Президент Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауындағы негізгі мәселелер туралы хабардар етті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Жолдауда біздің еліміздің экономикалық әлеуеті айқын көрінеді, ол Президент Н.Назарбаевтың көреген стратегиясының арқасында мүмкін болып отыр. Қазақстан жаһандық дағдарыс жағдайында инфрақұрылым және әлеуметтік-экономика салаларымен бірге экономика дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты.

Сенат Төрағасы сондай-ақ испан дипломатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезге әзірлік барысы туралы хабардар етті.

 

Барлық жаңалықтар