• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жекешелендіру кезінде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ активтерінің бағасы бастапқы құнынан 2 есеге дейін қымбаттады

Жекешелендіру кезінде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ активтерінің бағасы бастапқы құнынан 2 есеге дейін қымбаттады

14 Қараша, 2014 17:09
Жекешелендіру кезінде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ активтерінің бағасы бастапқы құнынан 2 есеге дейін қымбаттап, 2,6 млрд теңгені құрады, деп мәлімдеді компанияның вице-президенті Алмас Лепесбаев «Жекешелендіру бағдарламасын іске асыру – жетістіктері, қиындықтары мен болашағы» тақырыбымен «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басшылығымен өткен баспасөз брифингінде.

«Жекешелендіру кезінде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ активтерінің бағасы бастапқы құнынан 2 есеге дейін қымбаттап, 2,6 млрд теңгені құрады. Мысалға, «МАК-Екібастұз» ЖШС үлесінің бастапқы құны сату науқынының соңына қарай 3,6 есеге дейін көбейді. Қазіргі таңда электронды байқауға «Қазақстан Темір Жолы» АҚ 9 активі қойылып, олардың 3-еуі бойынша жеңімпаздар анықталды», - дейді А.Лепесбаев.

Айта кету керек, жекешелендірудің екінші толқыны аясында «Қазақстан Темір Жолы» АҚ компаниялар тобының 34 активін сатуды ұйымдастырушылар анықталды. Солардың 25-і биылғы жылдың соңына қарай саудалана бастамақ.

«Әрбір активте белгілі бір деңгейде қалыптасқан тұтынушылар базасы мен жұмыс істеп тұрған келісімдер бар. Олар әлеуетті инвесторлардың қарды салуына айтарлықтай сенімділік ұялатады», - дейді.

Сонымен қатар, активтерді сату кезінде жекенің қолына өткізілетін компания қызметкерлерін әлеуметтік қорғау аясында 1 жыл бойы қызмет бағытын сақтау, 1 жыл бойы жұмысшылар санын сақтау және 1 жыл бойы еңбек ұжымымен арада құрылған ұжымдық келісім міндеттемелерін сақтау туралы талаптар қойылады.

Өз кезегінде қараша айында алты нысан сатылымға шықпақ. Олардың арасында «АТБ+» ЖШС, «Ақ Берен» ЖШС, «Ғасыр-Маңғыстау» ЖШС, «Біржан-Атырау» ЖШС, «Бас-Балқаш 2004» ЖШСмен «Казкор-Транссервис» АҚ бар. Бұлардың қызметтері негізінен ұлттық тасымалдаушылар мен жеке меншік тасымал құрамына жөндеу бойынша сервистік қызмет көрсету болып табылады.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар