Алматыда көзі нашар көретін балалардың шығармашылық көрмесі өтті – МСМ

14 Қараша, 2014 19:04
Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайда көзі нашар көретін балалардың шығармашылық көрмесі өтті, деп хабарлады ведомство.

«20 мүмкіндігі шектеулі бала Қазақстанның белгілі суретші-мүсіншілерімен бірге  дайындалып, 10 сабақ өткізді. Бір ай көлемінде Қазақстанның танымал мүсіншілері Павел Шорохов, Шоқан Төлеш, Дархан Әтейбеков, Дулат Қажыбаев зағип балаларға мүсін өнерінің қыр-сырын үйретті.Олардың туындылары бүгін қалың көпшілік наразына ұсынылды. Мәдени шара балаларды мүсіншілердің жұмысын дене түйсігі арқылы қабылдауға, ермексазды пайдаланып, өз түсінігінде сол қабылданған дүниені сомдауға баулуды мақсат тұтады», - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ішкі сырын ақтаруға септігін тигізеді. 

Барлық жаңалықтар