- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты алдағы жылдарда экономика өсуінің қозғаушы күші болады – А.Есімов
«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты алдағы жылдарда экономика өсуінің қозғаушы күші болады – А.Есімов
«Оның айтуынша, жаһандық экономикадағы қазіргі жағдай өзінің кері әсерін тигізуде. Ресей Федерациясына қатысты халықаралық санкциялар экономикалық өсімді тежеуде, Қытайдағы жалпы ішкі өнімнің өсімі болжамдағаннан да нашар нәтиже беруде, Еуроодақ аймағындағы елдерде де жандану байқалмайды. Осыған байланысты Қазақстан Президенті ел экономикасында негативті үрдісті болдырмау үшін тиісті шараларды қолға алу міндеттерін жүктеді. Осы ретте экономикалық өсімге мультипликативтік нәтиже беретін шаралар қолдау табатын болады», - делінген хабарламада.
Шаһар басшысы «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық саясаты алдағы жылдарда экономика өсуінің қозғаушы күші болатынын атап өтті.
«Жалпы, мақсатты жұмыс нәтижесінде инвестициялық белсенділік қолдауға ие болып, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Тұрғындардың табысы төмендемеуі үшін барынша әрекет етеміз, нәтижесінде алдағы жылдарда экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі», - деді Ахметжан Есімов.
Ахметжан Есімов қалада тұрғын үй инфрақұрылымын бекіту бағытында ескі үйлерді сүру бағдарламасының іске асырылып жатқанын да айтты. Бағдарлама шеңберінде 62 үй салу мен 3 мыңға жуық отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарланған. Жолдаудың қағидаларын есепке ала отырып, бұл бағыттағы жұмыс одан әрі күшейтіледі. Қалада тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларымен қатар облигациялық заем қаражаты есебінен қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру шешімі қабылданды. Бұған 6 мыңдай Алматы тұрғынына 46 үй салуға мүмкіндік берген 2 мәрте айналымдылық есебінен 4 млрд. теңге бөлінді.
Әлеуметтік инфрақұрылым қала үшін маңызды болып табылады. Соңғы 5 жылдың ішінде мемлекеттік қаражат есебінен 25 балабақша, 15 мектеп, 11 емхана салынды. Дегенмен, Алматы әкімінің айтуы бойынша, тек бюджеттік қаржыландыру күшімен ғана әлеуметтік сала объектілерін кеңейту мәселесін шешуге болмас. Мұнда мемлекеттік-дербес әріптестік шеңберінде іске асырылатын жобалар үлкен рөл атқаруы тиіс.
Жетінші бағыт - шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау. Қала үшін ШОБ-тың зор маңыздылығын есепке ала отырып, бұл секторға барынша қолдау жасалып жатыр. Елбасының үстіміздегі жылдың наурыз айында Ұлттық қордан 100 млрд. теңгені шағын және орта бизнесті жеңілдетіп несиелеуге бөлу туралы шешімі экономикалық өсу үшін жағымды болғаны сөзсіз. Нәтижесінде қаланың өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін 45 кәсіпорын 10,7 млрд. теңге көлемінде қолдау тапты. Жалпы үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде ШОБ кәсіпорындарын несиелеу көлемі 44,6%-ға өсті.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі