Көкшетауда ұлттық валюта күні аталып өтті

14 Қараша, 2014 18:04
Көкшетауда Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты кеш өтті, деп Ақмола облысының әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктен атап өткендей, салтанатты түрде облыстың  бірқатар қаржы жүйелері әкімнің алғыс хатымен марапатталды.

«Ұлттық валюта теңге Қазақстан Республикасының мемлекет ретінде қалыптасу тарихымен тығыз байланысты, ал қаржы секторының қызметкерлері облысымыздың, еліміздің экономикасының дамуына үлес қосуда», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков.

Төл теңгеміздің тарихы мен «ҚР Ұлттық банкі» МБ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Бектұрған Бозтериев айтып берді. Сонымен қатар, ол жаңадан ғана Елбасының 2015 жылға арналған «Нұрлы Жол» халыққа Жолдауын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Барлық жаңалықтар