• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы мен Монако Князі Альбер II ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы мен Монако Князі Альбер II ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

14 Қараша, 2014 14:43
Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорда.

«Тараптар жаңғыртылатын энергетика, туризм және электроника салаларында екіжақты іс-қимылды дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Альбер II халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Соныман қатар Монако Князі Тұңғыш Президент Кітапханасын аралап көрді, онда құрметті қонаққа «Әлемді өзгертетін идеялар» деп аталатын интерактивті білім орталығы және тақырыптық кітап коллекциялары таныстырылды. 

Барлық жаңалықтар