- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы ҚР Ұлттық ұланының жаңа үлгідегі әскери қалашығының ашылуына қатысты
Елбасы ҚР Ұлттық ұланының жаңа үлгідегі әскери қалашығының ашылуына қатысты
Елбасы офицерлер мен әскери қызметшілер үшін бүгін ерекше күн екенін, өйткені елордада ТМД-да баламасы жоқ әскери қалашық салынғанын айтты.
«Мұнда әскери қызметшілердің отбасымен тұруына, қызмет атқаруына, әскери дайындығын шыңдауға барлық жағдай жасалған. Осының бәрі мемлекеттің қамқорлығын көрсетеді. Сіздердің міндеттеріңіз – елдегі татулық пен тыныштықты сақтау, Қазақстан азаматтары құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, қылмыспен күрес жүргізу. Республиканың Қарулы Күштерінің бір бөлігі болғандықтан, сіздер сондай-ақ тәуелсіз елді қорғауға, шекарасының бүтіндігін қамтамасыз етуге дайын болуға тиіссіздер. Мемлекеттің қамқорлығына сіздер лайықты ерен еңбекпен және жоғары машықпен жауап беретіндеріңізге сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті әскери қызметшілер мен офицерлерді әскери қалашықтың ашылуымен тағы да құттықтап, оларға табыс пен мықты денсаулық тіледі.
Сонымен қатар, әскери қалашықты аралап көру барысында Мемлекет басшысына айрықша айырым белгісі – «бедерлі берет» және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының төсбелгісі тапсырылды.
Жаңа әскери қалашықта жалпы алаңы 64 мың шаршы метр болатын 53 ғимарат пен құрылыс бір мезгілде пайдалануға берілді.Әскери қалашықтың инфрақұрылымы жеке құрамның жауынгерлік шеберлігін жетілдіруге, жедел бригаданың жауынгерлік дайындығын шыңдауға, Астана қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін сақтау жөніндегі күнделікті тапсырманы сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Офицерлер мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін отбасылы әскери қызметшілер үшін 104 пәтерлі тұрғын үй салынған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген